Қызылжарда инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

41

Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты Қызылжар тұрғын алабында инфрақұрылым мәселелері шешіліп келеді. Бұған дейін халық тарапынан бірнеше проблема көтерілген елдімекенде қазір де құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай жергілікті билік қарапайым жұрттың жанайқайын тыңдап, мәселенің көп ұзамай шешілуін назарда ұстап келеді.

Аталған елдімекенде қазір 684 отбасы қоныстанған. Халық саны 4 мыңнан асады.

Бүгінде Қызылжар тұрғын алабы 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал табиғи газбен қамты көрсеткіші биыл 100 пайызға жетті.

Жыл басында қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғын алап халқымен кездескен еді. Бірқатар қордаланған мәселелер көтерілген кездесуде қала басшысы биыл тозығы жеткен электр желілері мен бағаналар ауыстырылып, трнасформаторлар жаңартылатынын айтқан еді.

Ал күні кеше Абай аудан тұрғындарымен есепті кездесуде Қызылжар тұрғын алабын электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары 2022 жылдың IV-тоқсанында толықтай аяқталынын айтылды. Аудан әкімінің айтуынша биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, тұрғын алапта жалпы саны 19 көше бар, оның 7-еуі асфальт, 12-сі тас жол. Соның ішінде, 8 көшеге 2021 жылғы жоспарға сәйкес шағал тас төселген. Олар Бақтияров, Көмекбай, Мыңтөбе, Дала қыраны, Гараж, Жаңақұрылыс-1, Жаңақұрылыс-2, Жаңақұрылыс-3 көшелері. Жалпы, қала басшысының айтуынша көшелерді асфальттау жұмыстары 2023-2024 жылы жоспарда тұр.

Ал елдімекенде әзірге 3 көше толық жарықтанырылған. Биыл тұрғын алапта, Ленин және Жастар көшелерінің құрылыс жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар Қызылжар тұрғын алабында сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станцияның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған.