Суармалы егіншілікті дамытудың деңгейі төмен

37

Елімізде суармалы егіншілікті дамытудың деңгейі төмен. Сенатор Рысқали Әбдікеров Үкімет басшысына сауал жолдап, саладағы проблемаларды тізіп шықты.

Депутаттың айтуынша, өткен ғасырдың 90-шы жылдары әлемде баламасы болмаған Қаныш Сәтпаев атындағы канал аумағындағы суармалы егістік алқабы 80 мың гектар болған. Қазір оның тек 13 мың гектары ғана қалған. Қолда бар мүмкіндіктің 10 пайызын ғана кәдеге жаратып отырмыз. Елдің оңтүстігінде шаруалар суға зәру. Ал орталық аймақтарда тіршілік нәрі бар, бірақ толық пайдаланбай отырмыз – деді сенатор.

Ол Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың қуатын толық пайдалануды және Қарағанды облысындағы суармалы жерлерді қалпына келтіруді ұсынды.