Түлкібас ауданында 4 медициналық нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

16

Түлкібас ауданының 4 ауылында медициналық нысан салынып жатыр.

Атап айтқанда, Шұқырбұлақ, Келтемашат, Тұрар және Ақбиік ауылдарында заманауи фельшерлік-акушерлік тіректердің құрылысы қолға алынған.

Нысандар биыл жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Құрылыс барысын тексерген аудан әкімі жауаптыларға жұмыстың сапасын қадағалауды және уақытында аяқтауды тапсырды.