«Эталон Меха» дүкенінде жеңілдіктер науқаны

19

Қыс мезгілі де жақындап қалды. Демек, бұл-гардеробыңызды жаңарту қажет деген сөз. «Эталон Меха» нәзік жандылар үшін арнайы керемет жеңілдіктер жасап жатыр. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары 12 және 24 айға бөліп төлеу арқылы тон, пальто немесе кез келген түсті және стильдегі күртеше сатып алуға мүмкіндігі бар.

Күзен тоны, жоғары сапалы қой терісінен жасалған әрі түрлі стильдегі пальтолар мен жылы пиджак. «Эталон Мехада» таңдау ассортименті көп. Тұрақты тұтынушы Саяра Наимованың айтуынша, ол жыл сайын қысқы гардеробын тек «Эталон Мехадан» жаңартады. Өйткені, онда тауар сапасы мен қызмет көрсету жоғары деңгейде дейді тұтынушы.

Саяра Наимова, «Эталон меха» дүкенінің тұтынушысы: «Маған бұл модель өте қатты ұнады. Жалпы бұл дүкен менің көңілімнен шығады, өйткені әрқашан жеңілдіктер болып тұрады. Әрі мұнда сатушылар жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Мен тіпті анамды осында әкелемін, ол да жақсы көреді. Мен барлығына кеңес беремін».

«Эталон меха» өнімдері жылы әрі ыңғайлы. Дүкен ассортименті үнемі жаңа тауармен толығып отырады. Тон мен пальтолардың түрлі түстері мен модельі бар.
Жалпы дүкенде әрбір сәнқой өзінің қалауы мен қалтасына сай сырт киім таба алады. Сондай-ақ қарашаның төртінен алтысына дейін дүкенде екі жылға пайызсыз бөліп төлеу қарастырылған. Ал егер тауарды қолма-қол ақшаға алсаңыз, сізге 100 000 теңгеге дейін жеңілдік жасалады.

Елена Пак, «Эталон меха» дүкенінің әкімшісі: «Қазір қолма-қол ақшаға сатып алушыларға жеңілдіктер жасалып жатыр. Яғни, тон алсаңыз 100 мың теңге, ал пальто мен күртеше үшін 30 мың теңге жеңілдік болады. Сондай-ақ, Каспи банк арқылы 12 айға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі бар. 4 қараша мен 6 қараша аралығында Kaspi Bank «Kaspi Жұма» акциясын өткізуде, сырт киімдерді 24 айға бөліп төлеп алуға болады. Біз сондай-ақ басқа банктермен де жұмыс істейміз: Halyk, Zhusan, Eurasia және Home Bank. Бірақ, өкінішке орай, мұнда тек 12 айға ғана беріледі».

Жеңілдіктер мен бөліп төлеу науқанынынан құр қалмаңыз. Эталон мехадан тон алуға асығыңыз. Дүкен Темірлан тас жол 3/5, Баян сұлу сауда орталығының үшінші қабатында орналасқан.

Мекен жайы:Темірлан тас жолы 3/5, Баян сұлы сауда орталығы, үшінші қабат