Атырауда үлкен мұнай қоймасы салынады. Президент Үкіметке осындай тапсырма берді. Өйткені өңірде өңдеу өнеркәсібі кенже қалған. Бірақ, экономиканы әртараптандыруға әлеует зор.
Атырау – мұнайдың астанасы. Қойнауы қазынаға толы болғанымен, қордаланған проблемасында сан жоқ. Мұнайды тонналап шығарса да, тобықтай өнім өндіре алмай отыр. Мұнай химия өнімдерінің 95 пайызы сол күйі сыртқа кетіп жатыр. Бұл дұрыс емес деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: «Мұнай қоймаларын барынша көбейту аса өзекті мәселе болып тұр. Қазір біз дайын мұнайды бірден экспортқа шығаруға мәжбүрміз. Өйткені технология сондай. Өндірісті тоқтатып қоюға болмайды. «Қазмұнайгазға» экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, Атырау өңірінде үлкен мұнай қоймасын салу мәселесін қарастыруды тапсырамын».