Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов көшесінде орналасқан мұнай қоймасында өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалын тез таралып, үлкен өрт қаупін тудырған. Құтқарушылар оқиға орнына тез жетіп, өрттің жолын жауып, оны толығымен сөндіріп, ауыр зардаптардың алдын алды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.







