Бекер жұмсалғалы тұрған 1 трлн. теңге шығынның жолы кесілді

35

Бекер жұмсалғалы тұрған 1 трлн. теңге шығынның жолы кесілді. Ішкі мемлекеттік аудит комитеті биыл осынша қаражатты шығындайтын заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің жалпы жиналысында айтылды.

Одан бөлек, жиында қазынашылар келесі жылға арналған қаржыландыру жоспарын дұрыс қалыптастыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, республикалық бюджетке түзетулерді уақтылы жүзеге асыру және Үкімет резервінен бөлінген пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету аспектілері қарастырылды.

Рахат Тоқбаев , ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы: «Қаржыны игеру кезінде процедураларды бұзып, әдейі, жымыскы оймен заң бұзушылық жасалады деп айта алмаймын. Десе де, біздің міндет барлық шығынның алдын алу. Сол үшін әр өңірдегі әріптестерімізбен жиналып – жұмысты одан әрі жандандыру мәселесін қарадық».