Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні мерекесі атап өтіледі

172

 Қазақстанда 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні мерекеленеді. Премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлады үкіметтің ресми Telegram каналы.

«Осыған байланысты 17 мамырда аталып өтетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді», — делінген хабарламада.
Жаңа кәсіби мерекені бекітуге сала қызметкерлерін қолдау мақсатында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастамашы болды. Бүгінде олардың жалпы саны 155 мыңнан асады.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.