Еліміздегі 86 сайлау учаскелері бір сағат бұрын ашылады

10
Түркістанда сайлауға қатысушылардың қарасы қалың

Облыстарда, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында 86 сайлау учаскелері таңғы сағат 6:00-де ашылады. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Қазіргі кезде республика бойынша барлық сайлау учаскесі дайын. Ал үш қаланың аумақтық клмиссиялары сайлауды бір сағат бұрын бастауға шешім қабылдады.

«Облыстардың, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған жедел мәліметтер бойынша тиісті аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 86 сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы 6:00-де басталады», – деді Әбдіров комиссияның бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, қала құраушы кәсіпорындарының ауысымдық жұмыс кестесі де ескеріледі.
Айта кетері, бүгін сайлауалды үгіт-насихаттың соңғы күні болып саналады. Ертең – тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы басталады.
6:00-де ашылатын 86 учаскенің ішінде адамдар уақытша орналасқан орындарда ашылған 47 учаске бар. Олар: әскери бөлімдер, емдеу мекемелері