Ішкі орам және орталық көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде

42

Қарашаның соңына дейін жылы маусымын сақтап тұратын Шымкентте биыл табиғат тосын мінез танытып, әппақ қарды төпеп берді. Көше біткен ақ қарға көміліп, жол жүрісіне қиындық тудырды. Қала тұрғындары көшелерін қардан тазалап беруін сұрап, тиісті органдарға өтініштерін жолдады. Осыған орай қаладағы төрт ауданда да жолдарды қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Шымкент қаласының Қаратау аудан аумағын қардан тазарту жұмыстары  жүргізілуде. Алдымен әлеуметтік нысандар айтап айтқанда, тұрғын үй кешендері, жолдар, аялдамалар мен ойын-сауық орталықтары қардан аршылды. Одан соң орталық көшелер мен әлеуметтік нысан орналасқан көшелердің аяқжолдары тазарды.
Бұл іске 21 қар тазалағыш техника, 12 қар тасығыш техника, 1 ассенизатор, 6 трактор және 300 жұмысшы жұмылдырылды.
Бұдан бөлек, тайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жол айырықтарға мұзды ерітетін арнайы материалдар қолданылды, мөлшері шамамен 250 куб құрайды.
Ауданда тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ «қалташаларын», саябақтар мен скверлерді тазалау жұмыстары жалғасуда.
Еске сала кетейік, қарлы ауа райына байланысты аудан әкімдігінің салаға жауапты бөлімдерінде қар тазалау жұмыстарын қадағалау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
Ал Абай ауданы аумағында ішкі орам және орталық көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Тазалық жұмыстарына «Build Stroi» ЖШС 25 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 5 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ-Саз – 3 дана, Газ 53 – 6 дана, Камаз ассенизатор – 2 дана, Камаз пылесос – 1 дана, Haide пылесос – 2 дана, Погрузчик – 2 дана, жалпы саны 200-ге жуық адам жұмылдырылды.
Аталған техникалар 9 бағыт бойынша жұмыстар атқаратын болады. Сонымен қатар, 5875 куб инертті материал бар.
Әл-Фараби ауданы аумағында таңғы 5-тен бастап басты және ішкі орамдық көшелерде қар күреу жұмыстары басталды. Тазалық жұмыстары мердігер мекеме “Жасыл ел” ЖШС-і тарапынан атқарылуда.
Ауданда көшелер мен аяқжолдарды механикалық тазалау жұмыстарына 37 арнайы техника жұмылдырылды. Еңбекші ауданы аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты орталық көшелерге инертті заттар себіліп, қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Тазалау жұмыстары мердігер мекеме «Жасыл Жер» ЖШС тарапынан жүзеге асуда.
Қазіргі таңда аудан көлемінде тайғаққа қарсы себілетін инертті заттар қоры жеткілікті.  Атқарылып жатқан жұмыстар толығымен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан толық бақылауда.