Лицензия берудің заңдылығы тексеріледі

34
фото Ашық дереккөзден

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Онда теміржол жүк тасымалы нарығындағы жағдай, жеке компаниялардың магистральдық теміржол желілеріне қол жеткізу мәселелері, сондай-ақ ірі өңірлік электр станциясының жұмысы талқыланды.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы уәкілетті мемлекеттік органдарға қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензия берудің заңдылығын тексеруді жалғастыруды тапсырды.