Қазақстан Беларусь нарығына экспортты арттыруды жоспарлап отыр

28

Қазақстан Беларусь нарығына шығарылатын экспортты арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченкомен кездесу барысында мәлімдеді.

Басқосу ТМД Премьер-Министрлері кеңесінің Астанадағы кезекті отырысы қарсаңында өтті. Тараптар сауда экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығындағы өзара іс-қимыл және Қазақстанның мәдени күндерін өткізу мәселелерін талқылады. Өткен жылдың қортындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 20 пайызға өскен. Енді, өнеркәсіп кооперациясы – басым бағыттардың бірі ретінде қаралмақ.

Өз кезегінде Роман Головченко ауыл шаруашылығында Беларусь технологиялары бойынша тауарлы сүт кешендерінде бірлескен жобаларды іске қосудың маңыздылығын атап өтті. Ол өзара іс-қимылды мақсатты түрде нығайтуға дайын екенін атап өтті.