Сән-салтанатқа салық келер жылы енгізілмек

64

Сән-салтанатқа салық келер жылы дайындалатын жаңа Салық кодексінде қарастырылады. «Байлық салығы» әсіресе аса қымбат көлік мінген азаматтарға салынады. Міндетті төлем автомобильдің бағасы, шыққан жылын ескеріп, есептеледі. Мұндай көлік салығына ешқандай жеңілдік қарастырылмайды,- дейді жауаптылар.

Жазира Мыңбаева, ҚР Ұлттық экономика министрлігі салық және кеден саясаты департаментінің бас сарапшысы: «Мүлік салығын алатын болсақ жанама салық ретінде, яғни мөлшерлемесін жоғарылату арқылы салынады екен көп елде. Ал кейбір елде сән-салтанат салығы жеке салық ретінде қарастырылған. Мемлекет пен салық төлеушінің экономикалық мүдделерін қорғап, тепе-теңдікті сақтай отырып жасалынады».