Шымкент: «Аналардың жүрегі» ұлдарына жетті

149

Қорғаныс ведомствасының қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастығы аясында Шымкент қаласы бойынша «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары» комитетінің төрағасы Шарифа Муминова механикаландырылған бригаданың өмірімен танысты.

Сапар барысында қоғам қайраткері бригада мен батальондардың басшылығымен танысып, әскерге осы жылдың күзінде шақырылғандармен әңгімелесті, сарбаздардың қызметі мен тұрмысымен танысты және олардың қызметтері үшін керек нормалармен толық қамтамасыз етілгеніне жеке көз жеткізді, сондай-ақ жауынгерлерге ұйымның жұмысы туралы айтып берді.

— Әр сарбазды біз өзіміздің ұлымыздай қабылдаймыз. Біз барлығымыз анамыз және балаларымыз бен олардың қызметтестері қалай және қандай жағдайда өмір сүретіні біз үшін өте маңызды мәселе. Бірлестік үшін әскери қызметшілермен мүмкіндігінше тығыз жұмыс істеп тығыз байланыста болу өте маңызды. Себебі жастар – біздің болашағымыз. Біз ұлдарымыздың жақсы қызмет еткенін қалаймыз, — деді Шымкент қаласы бойынша «Аналардың жүрегі» сарбаз аналары комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шарифа Муминова

Шарифа Ахметжанқызы әскери қызметшілердің тұру жағдайларымен, жабдықталу түрлері мен нормаларымен жеке танысты, жауынгерлік даярлық сабақтарын өткізу үшін сыныптарды, тұрмыстық үй-жайлар мен асхананы аралады. Сонымен қатар, сарбаздарға арналған ас мәзірін тексеріп, дайындалған тағамдардың сапасын бағалады.

Айта кетсек, сарбаздардың аналары комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде жүйелі түрде әскерилер мен сарбаздардың ата-аналары арасында байланыс орнатып, әскери ортадағы әр-түрлі мәселелерді уақтылы шешуде белсенділік танытуда.