Шымкентте 19 базар қайта жаңғыртылады

Шымкентте 7 базарда реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нақтырақ айтқанда, «Авто Нұр», «Орталық қырғы базар», «Алаш», «Айна», «Дархан», «Самал», «Нұр Сайрам» базарлары модернизация өтуде. Оның ішінде «Нұр Сайрам» және «Дархан» базарларында қайта жаңғырту жұмыстары толығымен жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жалпы, ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы қала базарларын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, базарларды жаңғыртуды талап етеді. Ал Шымкенттегі 19 базар модернизациядан өтуге жатады. Оның 12-сінде жаңғырту жұмысы аяқталған.