Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың 2023 жылға белгіленген ең төменгі жеткілікті шегін жариялады. Жаңа жеткілікті шек келер жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.
2023 жылға белгіленген жеткілікті шек жас мөлшеріне байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды. «Кейбір шекті мәндердің өзгеруіне оларды есептеу кезінде жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштердің ескерілуі себеп болады», — деп атап өтті БЖЗҚ.