Қарағанды облыстық соты «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
21 желтоқсанда Қарағанды облыстық соты «АрселорМиттал Теміртау » АҚ-ның салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дұрыс есептемегені және уақытында төлемегені үшін үкім шығарды.
Салықтық тексеру кезінде компанияның корпоративтік табыс салығы сомасының аванстық төлемдер сомасынан асып кеткенін анықтады.
Компанияның құқық бұзушылықтың жоқтығы туралы дәлелдерін сот алқасы ескермеді. Өйткені құқық бұзушылық салықтық тексеру материалдарымен және салық декларацияларымен дәлелденген.
Сот үкімі бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 329 726 538 теңге сомасында айыппұл салынды.