Бала қарау қымбаттай түсті. Energyprom зерттеу орталығы ұсынған мәліметке сай, елімізде бір жылда балабақшалардың қызметі 11 процентке қымбаттаған. Ал кей өңірлерде баға тіптен шарықтап отыр.
Әсіресе Жамбыл, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ата-аналар балалары үшін көбірек төлеуге тура келеді. Мұндағы балабақшалар 39 пайызға дейін қымбаттаған. Ал бүлдіршіндер саны көп өңірлердің көшін Түркістан, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласы бастап тұр.