Биыл несие алған азаматтардың саны күрт өскен

37
фото Атамекен

Қарыз алған қазақстандықтар саны көбейіп барады. Әсіресе биыл несие алған азаматтар саны күрт өскен. Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, қазақстандық банктер алдындағы несиелердің жалпы сомасы 20 трлн теңгеден асқан.

Олардың басым бөлігі: 13 трлн теңгеге жуығы жеке тұлғалардың кредиті. Жыл басымен салыстырғанда несие көлемі қыркүйек айында 18,6% артқан.Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары кредиттердің көбеюіне жеңілдетілген несие де әсер еткенін айтады. Әсіресе мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспананы төмен пайызға алған азаматтар саны артқан.

Тұтынушылық қарыз алушылар да көбейген.90 күннен артық төленбей жүрген несиелердің соммасы 434 миллиард теңгеге жеткен. Бұл жыл басымен салыстырғанда 81 миллиард теңгеге көп.