«Грантқа оқуға түсіріп беремін»: Жетісайда алаяқ бір миллион теңге алған

98

Жетісай аудандық полиция бөліміне арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізді. Яғни танысы «қызыңды жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін» деп сеніміне кіріп, 1 000 000 теңгесін алған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық » бойынша тіркеді.

Жетісайлық тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз, Шымкент қаласының тұрғынын анықтады.
Белгілі болғандай, сезікті әйел Жетісайға қыдырып келген. Ал алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары оның бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.