Президент бизнесті тексеруге мораторийді тағы бір жылға ұзартты

46
Шымкентте 35 базар мен сауда орталықтары бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» жарлыққа өзгерістер енгізді.

Құжатқа сәйкес, шағын бизнесті тексеруге мораторий тағы бір жылға – 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды.

«Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын», — делінген жарлық мәтінінде.

Бірақ Кәсіпкерлік кодекске сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер қала береді.