Төлеби ауданында жаңа демалыс орындары ашылып жатыр

83

Төлеби ауданында тау туризмін дамыту мақсатында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» жобасын әзірленді. Биыл аймақтағы инфрақұрылымды жақсарту үшін облыстық бюджеттен 1 млрд 50 млн теңге қаржы бөлінді.

Қазір жол салу, электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек ауданда 1 шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру орны, 71 демалыс аймағы, 64 саяжай бар. Демалыс орындарына 10 айдың көрсеткіші бойынша 32 мыңнан аса турист келген. Биылғы инвестиция көлемі 14 млрд 624 млн теңгені құрады.

Ал туризм саласына жылдың соңына дейін 3 млрд 757 млн теңге инвестиция тарту көзделген. Нәтижесінде тағы 25 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.