Тоқпен жүретін көліктер кедендік алымдар мен салықтан босатылмақ. Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен осындай жеңілдік енгізіліп отыр.
Десе де, арнайы квота бар. Мәселен, 2023 жылы азаматтар салық төлемей елге 15 мың электрокар кіргізе алады. Мұндай норма келер жылдың соңына дейін әрекет етпек.