Түркия елінен келген білікті профессорлар түркістандық дәрігерлерге мастер-классс өткізді. Бұл шара «Түркістан қалалық балалар ауруханасы» базасында өтті.
Шеберлік сабағында жалпы асқазан-ішек жолдарының хирургиялық аурулары бар 12 бала тексеріліп, бақылау жүргізілді. Оған қоса гипоспадия, қуық-несепағар рефлюксы, қуық дисфункциясы сынды урологиялық ауруларға талдау жүргізді.
Кеңес нәтижесінде Түркістанда алғаш рет балаларға күрделі ота жасалды. Дәрігерлер, қазір 2 баланың жағдайы жақсы екенін айтады.