Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында кеден, құрылыс салаларындағы жемқорлыққа қарсы кешенді жоспарды жүзеге асыру барысы қаралды.
Ерлан Қарин сыбайластықпен күрес Мемлекет басшысы басымдық беріп отырған негізгі бағыттың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар бұл жұмыс Қазақстан қоғамын жаңғыртуға бағытталған реформаларды тиімді іске асыруға септігін тигізетінін айтты.