Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы өсті

47
Бір перзентханада 15-сәуір күні 15 бала туылды
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді:

Бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 131 100 теңге;

төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 217 350 теңге.

Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді.