Биылдан бастап табысты жария етудің екінші кезеңі басталады

81

Биылдан бастап табысты жария етудің екінші кезеңі басталады. Оған сай мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларация тапсырады.

Яғни, бюджеттен жалақы алатын мұғалім, дәрігерлерден бастап мемлекеттік үлесі бар Акционерлік қоғам мен Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен холдингтерде істейтін қызметкерлер мүлкін жария етпек. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша елімізде мұндай миллионнан астам азамат бар.

Декларация тапсыруға қыркүйектің 15-іне дейін уақыт берілген. Үлгермегендерге алдымен ескерту, кейін айыппұл қарастырылған.