Былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiру әкімшілік жауапкершілікке алып келеді. Түркістан облысының Отырар аудандық сотының 2023 жылғы 17 қаңтардағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, оған 17 250 (он жеті мың екі жүз елу) теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Отырар аудандық соты хабарлады.
Себебі, сотта 2023 жылғы 05 қаңтарда сағат 10.00 шамасында Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Д.Алтынбеков көшесінің бойында орналасқан «Олимп» зертханасының ішінде жәбірленушіге былапыт сөздер айтып, қолындағы балалар ойыншығымен ұрып, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiрігенін мойындап, әрекетін ашулы күйде жасағанын, әрекетіне өкінетінін білдіріп, кешірім сұраған.
Әкімшілік іс жүргізу қатысушыларын тыңдап, істегі құжаттарды зерттеп, сот келесі тұжырымға келді.
ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттері үшін бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
Сот, құқық бұзушының әрекетін құқыққа қарсы сипатын сезiніп, зиянды салдардың туындауына саналы түрде жол бергендіктен, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасаған деп таныды.
Себебі құқық бұзушы қоғамдық орында бола тұра, жәбірленушіге былапыт сөйлеп, ұсақ бұзақылық жасаған.
Құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті үшін кінәсін мойындаған түсініктемесімен, жәбірленушінің көрсетуімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жаза қолдануда жасаған әкімшілік құқық бұзушылық әрекетіне өкінуін, оны бірінші рет жасауын жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныса, ал оның жауаптылығын ауырлататын мән-жайлары болмаған.
Сондықтан құқық бұзушының жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық әрекетінің сипатын, жеке басын, құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқын ескеріп, оған бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу жазаны қолдану заңды деп есептеген.