Ертең Қазақстанның бүкіл аумағында онкогинеколог тексеруінен тегін өтуге болады

31

28 қаңтар күні қазақстандық қыз-келіншектер онкогинеколог тексеруінен тегін өте алады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Онкологиялық ұйымдарда жатыр мойны обыры туралы ақпараттандыру апталығы аясында Қазақстанның әр өңірінде ашық есік күні өтетінін хабарлады.

Яғни, нәзік жандыларға тегін кеңес алып, онкогинекологтардың тексеруінен өтуге мүмкіндік қарастырылып отыр.

Айта кетейік, ашық күні Шымкент қаласында таңғы сағат 09:00 мен 13:00 аралығында Қалалық онкологиялық орталықта өтеді. Мекен-жайы: Байтұрсынов көшесі, 85а.