Ет бағасы бір жылда 16,6 пайызға өсті

53
Халық жылқы етін-1000 теңге сиыр етін-900 теңге, туралған ет 900 теңгеден сатып алды

2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша ет өнімдерін қоса алғанда ет бағасы бір жылда 16,6%-ке өсті, деп хабарлады energyprom.kz порталы. Баға Маңғыстау облысында бір жылда 22,6%-ке өскен. Одан кейінгі екінші және үшінші орында Павлодар (+ 21,7%) және Солтүстік Қазақстан (+ 21,5%) облыстары тұр. Аталған өнім бағасының ең аз өсімі Ұлытау облысында тіркелді: +9,7%.

«Ет пен құс еті бір жылда15,4%-ке, шұжық өнімдері 22,2%-ке, ет өнімдері 15,9%-ке қымбаттады. Ет өнімдерінің ішінде құс еті – 29,4%-ке, жылқы еті – 16,7%-ке, шошқа еті – 14,3%-ке, қой еті – 12,9%-ке, сиыр еті – 10,1%-ке қымбаттады. Шұжық өнімдерінің ішінде қйнатылған шұжық 23,6%-ке, жартылай ысталған шұжық 22,2%-ке қымбаттады», – деп жазылған материалда.
2022 жылғы 1 желтоқсанда ауыл шаруашылығы жануарларының негізгі түрлерінің саны өсті. Бірақ, елде ешкі бір жылда 0,9%-ке, 2,3 миллион басқа, шошқа бір жылда 10%-ке, 812,5 мың басқа дейін азайған.
Жылқы саны бір жылда 12,1%-ке, 3,7 миллион ​​басқа дейін, түйе – 8,6%-ке, 260,5 мың басқа дейін, ірі қара – 5,2%-ке, 8,5 миллион басқа дейін, қой – 4,4%-ке, 19,6 миллион басқа дейін, құс – 1,1%-ға, 50,8 миллион басқа дейін өсті.
Жалпы, өткен жылдың қаңтар-қараша айларында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру оң көрсеткішке ие болып отыр.
жұмыртқаОсылайша, тауық жұмыртқасын өндіру жылына 4,9%-ке өсіп, 4,6 миллиард дана болды. Тірі салмақта 1,8 миллион тонна мал мен құс сойылды немесе союға сатылды (бір жылда +0,7%), сойыс салмағында – 1,1 миллион тонна (+0,4%). Сондай-ақ, 5,9 миллион тонна сиыр сүті сауылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ке артық.