Өткен аптада ел аумағында 2514 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.
«Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір аптада 2514 қылмыс жасалды, оның 1570-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіруге қатысты – 5, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты 2 қылмысты ашты. Сонымен қатар 23 тонау, 351 мүлік ұрлау қылмысы ашылды», – деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствода онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Министрлік ұсынған мәліметке сәйкес, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде елімізде қылмыс саны азйып келеді.
ІІМ статистикасына сүйенсек, жасалатын қылмыстардың шамамен 50% – ұрлық.
Одан бөлек, брифинг барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен есірткі және нашақорлық қылмысына қарсы күрес бойынша 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленіп жатқаны айтылды.