Шымкент: Көмірге кезекке тұрғандар көбейді

136

Күн суытқаннан бері қалада көмірге деген сұраныс артқан. Отын базаларында кезек көп. Ал қатты отынды тасымалдаушылар тұрғындарға ертерек әрекет етуге кеңес береді. Себебі, вагондармен Шұбаркөлден жеткізілген көмір түске дейін сатылып кетіп жатқан көрінеді.

Қаланың іргесіндегі Тассай тұрғын алабындағы мына отын базасының алдында көліктерден ұзын сонар кезек қалыптасқан. Тасымалдаушылдар «аяз басталғанан бері көмірге деген сұраныс жоғары»,- дейді. Шымкенттік Ерсұлтан Өсербайдың кезегі келіп, бүгін тапсырыс бойынша Шұбарсу елдімекеніне жол жүреді.

«»Камазға» 3 ковштан салып жатыр, жүк көліктеріне – екі, «Газель»-ге 1 ковштан салып жатыр», – дейді Ерсұлтан.

Бүгін келген 3 вагон қатты отын бірден дайын тұрған көліктерге тиелді. Ол бір күнде  иелеріне жеткізіледі.
Мәди ҚАРАТАЕВ, тасымалдаушы: «Әнеукүні жақсы еді. Шұбаркөлден келеді көмір. Ерте келсең жетеді. Көмірдің бір тоннасы 16,800 теңге. Бәйдібек ауданына жеткізу 27-28 мың теңге  болады».

Ертерек қамданған Бекен Сайлаубай көмірге тола көлігімен ауылына Созақ ауданына кетіп барады. Отын базасының өкілі Абзал Әділов  «тапсырысқа сай вагондармен көмір жеткізіліп жатыр, еш күрделік жоқ»,- дейді.

Естеріңізге сала кетейік, көмірді шаһарға жеке кәсіпкерлер не болмаса, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жеткізеді. Және тұтынушыларға қалауынша үлестіреді.