Шымкенттік мамандар жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді

53

Шымкент қалалық білім басқармасының бас маманы балабақшаларды тексеру кезінде оң шешім қабылдау үшін 800 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Ол бір ғана балабақшамен тоқталмай, мұндай заңсыздыққа бірнеше рет барғаны белгілі болған.

Қазір күдікті тұлға ұсталып, оған қатысты «үй қамақ» түріндегі бұлтартпау шарашы көрілді.

Рахат Арғынбай, Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз маманы: «Білім басқармасының қызметкері күдікті деп табылғанын, бүгінгі таңда тиісті мекеме тарапынан сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдейміз»

Күдікті өзінің жасаған әрекеттерін толық мойындаған. Қазір аталған жайт бойынша ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру аламдары жүргізіліп жатыр.