Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жылу қазандықтарын аралап, олардың жұмыс барысын тексерді. Қала бойынша 7798 пәтер орталық жылу қуатымен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, І мөлтек ауданда 28 бюджеттік мекеме, 55 кәсіпкерлік заңды тұлға ғимараты, 52 жер телімді тұрғын үй және Мәдени-рухани орталығында 11 нысан орталықтан жылытылады. Қазір жаңадан пайдалануға берілген көпқабатты үйлердің жылуы қатаң бақылауда.
Жаңа үйлерлердің ішкі инженерлік коммуникациясы толық іске қосылғанша арнайы 2 мобильді жұмыс штабы құрылған. Қала басшысы солардың жұмыс барысын бақылап, бірқатар кемшіліктер бойынша тапсырмалар берді.