Түркістан облысында қосымша кіріс көздерін анықтау және салықтан жалтарудың алдын алу мақсатында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен мәжіліс өтті.
Мамандардың сөзінше, салық төлеуден жалтарып, түрлі әдіс-тәсіл қолданушылар арасында ірі компаниялар, сауда орындары, базарлар мен тойханалар бар. Сонымен бірге таулы аудандардағы демалыс орындары да салық декларациясы бойынша бағалау құнын төмендетіп көрсеткен. Осындай олқылықтардың салдарынан әлеуметтік және жеке табыс салықтары, лицензиялық алымдар бойынша бюджетке түсетін кіріс азайған.
Енді мемлекеттік кірістер департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бірлесе отырып, алдағы уақытта салық түсімдері көлемін 28 млрд. теңгеге арттыруды жоспарлап отыр.