Шымкент қаласы білім басқармасындағы әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, «Біртұтас ұлт-біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру мақсатында Тәжік-Ауған қақтығысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу және жеке құрама атқыштар батальонның шығарылғанына 22 жыл толуына орай, «Жас сарбаз» сынып тәрбиеленушілері арасында «Ерлік-ұрпақ ұраны» атты әскери-спорттық байқауының қалалық кезеңінің қорытынды финалы өткізілді.
Айта кетейік, білім басқармасына қарасты орта білім беру мекемелерінен 6-9 сыныптар арасынан 21 «Жас Сарбаз» сыныбы ашылған, оның ішінде 550- ге жуық оқушы әскери-патриоттық тәрбие алуда.
Осыған орай, аталған іс-шараға аймақтық, аудандық, қалалық кезеңдерінен сүрінбей өткен жүзден жүйрік- мыңнан тұлпар оқушыларымыз өз өнерлерін паш етіп, қалалық финалға білім басқармасына қарасты №7,24,64,68,89,99,103,127 орта білім беру мекемелерінің жас сарбаз тәрбиеленушілер ақтық сайысқа жолдама алып сайысқа түсті.
Байқау-сайыстың мына түрлері бойынша:
1. АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау нормативтері бойынша
2. Пневматикалық винтовкадан ату
3. Арқаға жатып денені көтеру (қыздар арасында)
4. Белтемірге тартылу (ұлдар арасында)
5. Жалпы әскери қорғаныш құралы (ОЗК)
6. Берпи жаттығуы бойынша
7. Арқан тарту ұлттық ойыны бойынша
жас сарбаздар сайысқа түсті.
Қорытынды есеп бойынша:
Жүлделі Гран-При №68 ЖОББМ
Жүлделі І Орын №99 Мектеп-гимназиясы
Жүлделі ІІ Орын №7 ІТ мектеп-лицейі
Жүлделі ІІІ Орын №103 ЖОББМ
иеленіп жүлделі орындармен және ауыспалы кубок «Әскери адам» мүсінімен, «Статуэтка» номинацияларымен марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын ЖАС САРБАЗДАР !!!
Материалды Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы КММ «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің әдіскері Бақытжан Нұсқабаев ұсынды.