Қазақстанның Өзбекстан және Түркіменстан шекарасында электронды кезек енгізілмек

30
Кеден бекеті

Ақпан айының соңына дейін Қазақстан бойынша тағы төрт өткізу бекетіне электронды кезек енгізілмек. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.Электронды кезек жүйесін «CarGoRuqsat» онлайн брондау сервисін «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ мамандары жасап шығарған. Төрт өткізу бекетінің екеуі Қытаймен шекаралас Абай облысының «Бақты» және Шығыс Қазақстанның «Майқапшағай» кеден бекетінде орналасқан. «Бақты» бекетіндегі «CarGoRuqsat» сервисі 15 ақпаннан , ал «Майқапшағай» бекетінде 20 ақпаннан бастап іске қосылады. Бұған дейін Қазақстан – Қытай шекарасындағы «Достық», «Нұр-Жолы» өткізу бекеттерінде электронды бекет енгізілген.