Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Қайырбек Құнанбаевтың берген мәліметіне сүйенсек, Шымкент қалалық округтік сайлау комиссияларына 2 ақпанға дейін 84 адамнан ұсыныс келіп түскен. Оның ішінде 15-і- ҚР Парламенті Мәжілісіне, 69-ы — Шымкент қалалық мәслихатына.
27 адамның құжаттарының дұрыстығы туралы сәйкестік алынған. Оның бесеуі мәжіліске болса, 22-сі қалалық мәслихатқа. Сонымен қатар, 10 адамды партия жолдаған. Жетеуі «Аманат» партиясынан , біреуі «Ауыл», біреуі «Ақ жол» партиясы атынан мәслихатқа және бір адам Қазақстанның халық партиясы атынан Парламент мәжілісіне ұсынылып отыр.