Шымкенттің орталығындағы тұрғын үйдің балконы опырылып түсті

58

Үш қабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түсті. Оқиға 31 қаңтар күні түс ауа Тәуке хан даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында болған, деп хабарлайды ОТЫРАР.

Алдын ала болжам бойынша, оқыс жағдай қар мен мұздың көп болуынан болған. Қоқыстар үй алдындағы аумаққа құлап, екінші қабаттағы кондиционер мен бірінші қабаттағы бөлменің шатырын зақымдаған. Зардап шеккендер жоқ.