Сенат тұрғын-үй қатынастарына өзгеріс енгізуге арналған заңды қабылдады. Заңға сәйкес, кондоминиум объектісін басқарудың жеке нысанын енгізу жоспарланып отыр.
егер пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі мемлекет қатысатын ұйым болып саналса, онда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды төлеу кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданысы қолданылмайды деген норма енгізіледі;
бюджет қаражатының қайтарылуын қамтамасыз етуді ескере отырып, тиісті хаттаманы ресімдеу арқылы осы кіреберіс тұрғындарының шешімі бойынша көппәтерлі тұрғын үй кіреберістерінің біріндегі лифтіні бюджет қаражаты есебінен ауыстыру мен жөндеуді ұйымдастыру және қаржыландыру тетігі заңнамамен бекітіледі;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жеке меншікке иеліктен шығаруға тыйым салынады;
орынтұрақ орындарының және қоймалардың меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері нақтыланады;
көппәтерлі тұрғын үй тіркелген күннен бастап алты ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісінің (құрылыс салушысының) көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері мен құрылыстарын коммуналдық меншікке өтеусіз беруді қамтамасыз ету міндеті регламенттеледі.