Úı ANONS 11 наурыздан бастап Шымкеттегі кезекші автоХҚО жаңа мекенжайға ауысты

11 наурыздан бастап Шымкеттегі кезекші автоХҚО жаңа мекенжайға ауысты

 

 

Шымкент қаласы бойынша кезекші автоХҚО жаңа мекенжайда жұмыс істейді. Бұған дейін Достық м.а, 2343/1  мекенжайында орналасқан кезекші автоХҚО енді 196 квартал, 381/1  ғимаратында қызмет алушыларды қабылдайды.

Кезекші автоХҚО сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма), ал сенбі күні 09:00-ден 13:00 дейін жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, автокөлік құралының тіркеуін және қайта тіркеуін жүргізуге, жүргізуші куәлігін онлайн  Egov порталы арқылы ауыстыруға болады. Сондай-ақ, Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы рәсімдей аласыз.