Шымкентте тозығы жеткен тұрғын үйлер жаңартылмақ. Реновация бағдарламасы бойынша еске нысандарды жойып, орнына зәулім ғимарат салу жоспарланған.
Биыл 6 тұрғын үйді бұзуға ұсынылу тасталды. Қазір тұрғындарға бағдарлама шарттары түсіндіріліп, тұрақты жұмыстар атқарылып жатыр. Авариялық және тозығы жеткен тұрғын үйлерді сүру — меншік иелерінің келісімін алғаннан кейін жүзеге асады. Ескі ғимараттың орнына 9 қабатты тұрғын үй салу көзделген.
Ал осы жылы 40 көп қабатты тұрғын жайға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіледі.