Ел аумағында 1100-ге жуық мектеп полицияның жедел басқару орталықтарына қосылмаған

34
Сарыағашта жаңа мектеп ашылды

Елімізде 1100-ге жуық мектеп полицияның жедел басқару орталықтарына қосылмаған. Бақылау режимі қатаң сақталмайды. Үкімет отырысында Премьер-Министр осы мәселелерді шұғыл шешуді тапсырды.

Әкімдіктерге 1 сәуірге дейін мектептерді тиісті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау жұмыстарын аяқтау міндеттелді. Премьердің сөзінше, бейнебақылау орнатылған мектептердің арасында камералары техникалық талаптарға сәйкес келмейтіндері де бар. Мәселен, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында лицензияланған күзет қызметтерімен келісім жасалмаған.