Úı ANONS Түркістан облыстық мәслихатының депутаттарын бірмандатты округ бойынша сайлау қорытындысы шықты

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттарын бірмандатты округ бойынша сайлау қорытындысы шықты

Ал бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына барлығы 81 кандидат болды. Мына кандидаттар жеңіске жетті:

№ 1 сайлау округінен — Арыстанов Сүлеймен Тұрсынбайұлы, 1970 жылы туған, «АДЕА» ЖШС құрылтайшысы, Түркістан қаласы;

№ 2 сайлау округінен — Хандиллаев Еркебұлан Шоқанұлы, 1983 жылы туған, Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы Отырар тұрғын алабы секторының меңгерушісі, Түркістан қаласы;

№ 3 сайлау округінен — Манапов Мырзахан Бексұлтанұлы, 1973 жылы туған, Отырар аудандық мәслихатының төрағасы, Темір ауылы;

№ 4 сайлау округінен — Сүлейменов Баймахан Тоймаханұлы, 1970 жылы туған, жеке кәсіпкер, Түркістан қаласы;

№ 5 сайлау округінен — Садуов Талғат Нұралиұлы, 1973 жылы туған, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтарының Кентау қалалық комитетінің төрағасы, Кентау қаласы;

№ 6 сайлау округінен — Байғараев Бегімбет Биімбетұлы, 1966 жылы туған, Созақ аудандық мәслихаттың хатшысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы;

№ 7 сайлау округінен — Қапалбаев Ғабиден Заманханұлы, 1965 жылы туған, «Ел-Нұр-Г» ЖШС директоры, Бәйдібек ауданы;

№ 8 сайлау округінен — Жамалбеков Нұржан Шәріпбекұлы, 1978 жылы туған, «Сайрам сут» ЖШС директоры, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы;

№ 9 сайлау округінен — Ералиев Сайдирасулхан Акбарханович, 1986 жылы туған, «Авторемстрой» ЖШС директоры, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы;

№ 10 сайлау округінен — Шәкімергенқызы Нұрайым, 2000 жылы туған, «Ecosana» ҚҚ директоры, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы;

№ 11 сайлау округінен — Қозыбақов Нұрлан Жамалбекұлы, 1966 жылы туған, «Шымкент Оутлет» ЖШС директоры, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылы;

№ 12 сайлау округінен — Әшірбеков Ханай Асанұлы, 1985 жылы туған, кәсіпкер, Ленгир қаласы;

№ 13 сайлау округінен — Әшіров Нұржан Сапабекұлы, 1961 жылы туған, «Сапа-2002» ЖШС директоры, Шарбұлақ елді мекені;

№ 14 сайлау округінен — Райымбеков Ғани Ахылбекұлы, 1980 жылы туған, «Әсем Құрылыс Строй» ЖШС директоры, Ордабасы ауданы, Бадам ауылы;

№ 15 сайлау округінен — Қосмамбетов ЕржанТөлебекұлы, 1978 жылы туған, Алматы қалалық бокс федерациясының президенті, Арыс қаласы;

№ 16 сайлау округінен — Серманизов Бақытжан Қыпшақбайұлы, 1969 жылы туған, «ХАМИТ» АШК, басқарма басшысы, Шардара қаласы;

№ 17 сайлау округінен — Сәлімов Алмас Алтайұлы, 1970 жылы туған, «Шик-Трейд» ЖШС құрылтайшысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылы;

№ 18 сайлау округінен — Рахиев Уәлихан Рысбекұлы, 1969 жылы туған, «Арман» санаторийінің Президенті, Сарыағаш ауданы, Көктерек кенті;

№ 19 сайлау округінен — Ағабеков Жаңабай Молдабайұлы, 1964 жылы туған, «Евроремонтсервис» ЖШС директоры, Шымкент қаласы;

№ 20 сайлау округінен — Қанаев Жарқынбек Ережепұлы, 1971 жылы туған, «Халық мақтасы» ЖШС директорының орынбасары, Атакент кенті;

№ 21 сайлау округінен — Куракбаев Жақсыбай Болатұлы, 1989 жылы туған, «Tulpar May» ЖШС директоры, Атакент кенті;

№ 22 сайлау округінен — Қаржауов Талғат Рахматуллаұлы, 1987 жылы туған, «РОСАЗИЯНЕФТЬ» ЖШС директоры, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы;

№ 23 сайлау округінен — Ералиев Ербол Жолдасбайұлы, 1971 жылы туған, «Нұрлы Жол-Ж» ШҚ төрағасы, Жетісай ауданы, Асықата кенті.

Мұны Түркістан облысының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады.
Түркістан облысында барлығы 1 168 728 сайлаушы тіркелген екен. Олардың 611 955–ы сайлауға қатысқан. Есептен шығару куәліктері бойынша 780сайлаушы, ал дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 4 371 сайлаушы дауыс беріпті.