Түркістан облысының прокуроры жұмыс орнында қайтыс болды

54
фото Бақ.кз

Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов өз кабинетінде қайтыс болды, деп хабарлайды ОТЫРАР. Ақпаратты Бас прокуратура растады.

«Әзірге мәліметтер белгісіз. Оның денсаулық жағдайына қатысты пікір айта алмаймын. Оның жұмысқа өз аяғымен келгені, жұмыс орнында қайтыс болғаны белгілі болды», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, Марат Әлиханов жүрек талмасынан қайтыс болған. 2020 жылдың ақпан айынан бері Түркістан облысының прокуроры қызметін атқарған. Қаңтар айында 58 жасқа толған болатын.