Заңсыз айналымнан 4 қару тәркіленіп алынды

38

Ағымдағы жылдың 4 мен 7-наурыз аралығында Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, 2956 қару иелері тексерілді. 146 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз айналымнан 4 қару тәркіленіп алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.