Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігі үшін онлайн платформа құрылады

125

Елде жастар және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында бірыңғай онлайн платформа құрылады. Жаңа жоба туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында айтты.

Бұл бағдарлама мемлекеттік гранттарды үлестіру мен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін қажет. Вице-министрмен кездесуде көпбалалы аналар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы сөз қозғалды.

Евгений Кочетов ел-жұрт көтерген мәселелер бойынша өтініштерді қарастыруға уәде беріп, жергілікті белсенділермен байланыста болатынын жеткізді.