Шымкентте жылу беру маусымы наурыздың 23-не аяқталды. «Қуатжылуорталық-3» мекемесінің берген мәліметі бойынша қалада орталықтандырылған жылу жүйесінен 2029 көпқабатты және 211 жеке сектордағы тұрғын үйлер жылумен қамтылып келді.
Жылуберушілердің мәлімдеуінше бес ауданда арнайы бригадалар тәулік бойы тұтынушылардан түскен қоңыраулар бойынша орын алған ақаулар бойынша жұмыс атқарды. Қыс биыл суық болды, алайда осыған қарамастан Қуатжылуорталығы-3 мекемесіне қарасты қазандықтар мен сорғыштар үздікссіз жұмыс істеді.
Еділ Бүркітбай, «Қуатжылуорталығы-3» МКК бас инженерінің орынбасары: «2022-2023 жылдағы жылу маусымы Шымкент қаласы кәмінің өкімімен 23 наурызда аяқталды. Маусым бойы 2 диспетчерлік қызметі, арнайы бригадалар 24 сағат еңбек етті. Қазандықтар мен сорғыштар еш тоқсаусыз жұмыс істеді. Ешқандай күрделі ақаулар орын алмады».
Жылуберушілер тұрғындарды жылуға берешектері болса тез есептесуге шақырады. Алдыңғы жылу беру маусымындағы қарыздардың сомасы 468 млн- теңгеден асқан. Бұл берешекті соттың шешімімен сот орындаушылары төлеткізуде.