Биыл Ордабасы ауданында 6 жоба жүзеге асады

87

Биыл Ордабасы ауданында жалпы құны 8,5 млрд. теңгенің 6 инвестициялық жобасын іске асады. Нәтижесінде 257 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Атап айтсақ, «Оңтүстік кірпіш» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты, «Батсу Водоканал» ЖШС темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты, «ArlanStroy» ЖШС қыш зауыты, «Gold Aluminium» ЖШС алюминді профиль өнімдерін шығару цехы, «RZN» ЖШС газоблок бұйымдарын өндіру цехы және «Ордабасы Сапар» орталығы ашылады.

Ал былтыр 5 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 140 тұрғын жұмыспен қамтылды. Тартылған инвестиция көлемі 34 млрд. теңгені құрады. Ал осы жылы ивестиция көлемін 37 млрд.-қа көтері көздеріп отыр.