Биыл Төлеби ауданында 7 мыңнан аса көшет егіледі

51

Төлеби ауданында абаттандыру жұмысына баса назар аударылды. Қазір Леңгір қаласында бір ғана көше бойына 100 түп қарағай мен 900 шаршы метрге лигуструм отырғызылды.

Сонымен қатар, Төлеби және Қапал Батыр көшелерінің қиылысында орналасқан бірнеше кәсіпкерлік нысанының қасбетін әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Алдағы уақытта 159 тұрғын үйдің сыртын бір түске бояу жоспарланған. Ал «Ленгір-Достық» автомобиль жолының бойына 2000 түп қарағаш, 100 түп каштан ағашын отырғызу көзделіп отыр.

Ауданды абаттандыру үшін биыл 7300 көшет егу межеленген. Аудандарға атқарылған жұмыс барысын бақылаған өңір басшысы аймақ әкімдеріне тапсырма берді.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: “Аудан, қалалардың абаттандыру жұмыстарына, тазалығына тұрақты мониторинг жүргізіп жатырмыз. Қаланың, ауылдың кіреберісін, орталық көшелерін, жалпы аумағын ретке келтіріп, дұрыстап қойыңыздар. Үйлердің қақпаларын бір түспен сырлау, көшелерді таза ұстау жұмысын үйлестіріңіздер”